28.03.2024


ДИСКРИМИНАЦИЯҒА ЖОЛ ЖОҚ!   

Дискриминация деген не? Ол қалай пайда болады? Осы сұраққа жауап іздегенде біздің ойымызға ең алдымен «стигма» сөзі келеді. Стигма грек тілінен аударғанда «таңба», «күйік» немесе «дақ» деген мағынаны береді. Ежелгі Грекияда абыройына дақ келтірген адамдар мен қылмыскелердің денесіне таңба басқан. Таңбаны ойып немесе күйдіріп салған, оны стигма деп атаған. Сондай таңбасы бар адамдардан қашу керек болатын, әсіресе көпшіліктің алдында. Қазіргі кезде бұл термин ауқымды қолданылады, бірақ ол денедегі белгіні және адамның негативті сипатын білдірмейді. Стигма – бұл басқа адамдарға, өзіне деген қатынасын түбегейлі өзгертетін өте мықты әлеуметтік таңба, адамға жағымсыз қасиеттің иегері ретінде қарауға мәжбүрлейді.

Архив
Март 2024
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Фев   Апр »
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Жарнама / Реклама

* * *